Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ағылшын тілі онкүндігіне орай ағылшын тілінде “Science project” ғылыми жобаға байланысты іс-шара
19
декабрь
2024
Ағылшын тілі онкүндігіне орай ағылшын тілінде “Science project”
Ағылшын тілі онкүндігіне орай ағылшын тілінде “Science project” ғылыми жобаға байланысты іс-шара өтілді. Жобаның мақсаты: Жас ұрпақтың терең білім алып, ой-өрісін өсіріп, шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру, бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау. Жобаның міндеттері: Бала бойындағы бейімділікті байқай алу; Қабілетті оқушыларды ерте анықтау; Қабілетті оқушыларды анықтай отырып,
“Тұғыры биік - Тәуелсіздік”
16
декабрь
2024
“Тұғыры биік - Тәуелсіздік”
Мектебімізде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне арналған “Тұғыры биік - Тәуелсіздік” атты концерт ұйымдастырылды. Тәуелсіздік — бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай, көк туымыз көкте мәңгілік желбірей берсін!
“Дос болайық бәріміз”
12
декабрь
2024
“Дос болайық бәріміз”
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1 “Г” сыныбында “Дос болайық бәріміз” атты қалалық конкурс өтті. Қазіргі гаджетке тәуелді заманда, болашақ ұрпақты мейірімділікке,адал дос болуға,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу өте маңызды. Ол үшін осындай іс-шаралардың көбірек болуы бәрімізге керек. Бүгін, кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер “Достық” жайлы ән, тақпақ айтып, би биледі. Және оның мән-мағынасын түсініп, сезіммен айтып тұр. Дайындаған сынып жетекшісі Ботакөз Кулбайқызына ерекше алғыс
“Жас ұлан” балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
11
декабрь
2024
“Жас ұлан” балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепте Тәуелсіздік күніне орай “Жас ұлан” балалармен жасөспірімдер ұйымына 5 сыныптың үздік және екпінді оқушылары ант қабылдап, “Жас ұлан” ұйымының мүшесі атанды. Мектебіміздің директоры Сатаева Жеңіскүл Иманғалиевна мен ДТІЖО Нұржан Сәкен Нұржанұлы оқушыларды құттықтады. 174 оқушы ұйымға қабылданды. Оның ішінде, Үздік оқушылар саны: 43 Екпінді оқушылар саны: 131 Ұйымдастырушы: Аға тәлімгер Есенбек Ербұлан.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
06
декабрь
2024
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 28.11.2024 жылы “Бала тауар емес. Алдын алу шаралары» тақырыбында Алатау аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы Жайсаңбаева Ғазиза Сапарғалиқызы, мектеп инспекторы, полиция майоры Жампеисова Ләйлә Тилеукабденқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Сәкен Нұржанұлы мектебіміздің оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Пәндік олимпиада
05
декабрь
2024
Пәндік олимпиада
Мектебімізде аралығында ағылшын тілі пәнінен пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың білім деңгейің саралау, ағышлын тіліне деген қызығушылығын ояту. Жоғарғы нәтиже көрсеткен оқушылар анықталып, ауданға жолдама алды.
Мектепішілік олимпиада
22
ноябрь
2024
Мектепішілік олимпиада
Физика пәні мұғалімдері 19 қараша күні физика пәнінен 9-11 сыныптар арасында мектепішілік олимпиада өткізді. Олимпиадаға 19 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге: 9 сынып: 1-орын Муйденов Елжан; 10 сынып: 1-орын Саттархан Арайлым; 11 сынып: 1-орын Мұратұлы Дамир өтті. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз. Физика пәні мұғалімдері: Акманова Қ.С., Тоқсанбаева А.А., Есимжанова М.Ж., Сапашова Ж.А., Ерлан С.
Мектепішілік олимпиада
13
ноябрь
2024
Мектепішілік олимпиада
5-10 сынып оқушылары арасындағы химия, биология және география пәндер мектепішілік олимпиадасы.
«Кітапханада өткен бір күнім»
05
ноябрь
2024
«Кітапханада өткен бір күнім»
«Кітапханада өткен бір күнім» атты 4 «Ә» сынып оқушылары кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады, кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелерімен танысты. Сондай-ақ, балаларға кітаптарды таңдау және оқу залында қалай әрекет ету керектігі туралы айтылды. Балалар «кітапханаға жазылу», «оқу залы», «формуляр» дегеніміз не және қандай кітаптар кітапханада орналасқандығын білді. Сынып жектекшісі : Тойғанбекова Л. Кітапхана меңгерушісі: Аманкулова Б.П.