Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Білім кілті-кітапхана”
18
октябрь
2024
“Білім кілті-кітапхана”
4-сыныптар арасында “Білім кілті-кітапхана” тақырыбында сайыс өтті. Сайысқа қатысқан оқушылар арасында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Мақсаты: 1. ���Кітапхана өмірімен таныстыру. 2. ���Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. 3. Кітапқа деген кызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстаута үйрету. Ұйымдастырушылар: Әбдікәрімова Д.Н Сағынбай Г. Тохтаева А.А. @akmurzaevakarlygash
№2 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімі
16
октябрь
2024
№2 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімі
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі басқару, Жас ұлан ұйым оқушылары, Аға тәлімгер Есенбек Ербұлан №1 Оқушылар ұйымымен бірлесе отырып, №2 Мамандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, жұмыс процесін көріп, техникалармен танысып қайтты. @alatau_bilim_bolimi
“Жасыл мектеп”
14
октябрь
2024
“Жасыл мектеп”
№181 ЖББ мектепте “Жасыл мектеп” жобасы аясында қазан айының 12 күні арнайы дәріс өтті. Дәріске экокуратор Салыкова Меруерт қатысып, өз бағасын берді. Оқушылар экологияның өзектілігін түсініп, қоршаған ортаны қорғау жолында білімдерін кеңейтті. Сонымен қатар, қалдықтарға екінші өмір берудің маңыздылығы жайлы тың ақпараттар мен әлемдік тәжірибемен таныстырылды. Табиғатымызды аялауды үйреніп, бірге әрекет етейік! @salykova_meruert
“Бозторғай”
09
октябрь
2024
“Бозторғай”
№181 жалпы білім беретін мектептің 3 “И” сынып оқушысы Нұрхат Нұрлытаң “Бозторғай” балалар шығармашылығының Халықаралық конкурсына қатысқаны үшін ынталандыру дипломымен марапатталды. Өнерің өрлей берсін Нұрлытаң!
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
27
сентябрь
2024
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз. Тіл - адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру. Міне, осы
“Көшпенділер сайысы”
23
сентябрь
2024
“Көшпенділер сайысы”
Алматы қаласы, Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру пәні апталығы аясында 9 сыныптар аралығында “Көшпенділер сайысы” өтті. @alatau_bilim_bolimi
Тоғызқұмалақ күні
09
сентябрь
2024
Тоғызқұмалақ күні
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында 9 қыркүйек Тоғызқұмалақ күніне орай Гиннесс рекордын орнату мақсатында біздің №181 ЖББ мектеп оқушылары іс-шараға атсалысуда @alatau_bilim_bolimi #тоғызқұмалақ
Соңғы қоңырау
25
май
2024
Соңғы қоңырау
2024 жылы 25 мамыр күні мектеп бітіруші түлектердің салтанатты іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: Отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу, алтын ұя - мектебіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті, білім құндылықтарын қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.
«КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ»
16
май
2024
«КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ»
📚«КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ» КӨРКЕМ ОҚУ БАЙҚАУЫ 📚 🔰«Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі аясында 2024 жылғы 16 мамырда №181 жалпы білім беретін мектеп базасында «Кітап – білім бұлағы» байқауы өтті. ✅Байқауға 300-ге жуық оқушы қатысып, келесі 3 бағыт бойынша өнер-білімдерін ортаға салды: 1️⃣бағыт: 1-4 сынып оқушылары - «Кадрда оқу»; 2️⃣ бағыт: 5-8 сыныптар - «Театр өнері арқылы - оқуға»; 3️⃣ бағыт: 9-11 сынып оқушылары - «Поэтикалық баттл». 📕Байқаудың қазылар алқасы құрамына ҚР мәдениет және өнер
Ұлы жеңіс күні
09
май
2024
Ұлы жеңіс күні
№181 жалпы білім беретін мектепте Ұлы жеңіс күніне орай 7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен іс-шара өтті