Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2024

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 28.11.2024 жылы “Бала тауар емес. Алдын алу шаралары» тақырыбында Алатау аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы Жайсаңбаева Ғазиза Сапарғалиқызы, мектеп инспекторы, полиция майоры Жампеисова Ләйлә Тилеукабденқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Сәкен Нұржанұлы мектебіміздің оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысқан оқушылар саны - 250.
Мақсаты: Зорлық-зомбылық, бала саудасы, түрлері, анықтау процесі туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Қатысушыларға бала еңбегін, балалар еңбегі мен бала саудасының айырмашылығын түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Жиын басында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.С.Нұржанұлы сөз сөйледі. Түсіндірме жұмыс барысы:
• Кіріспе, бағдарламамен, бағдарлама ережесімен таныстырды.
• Зорлық-зомбылық түсінігі мен түрлері, стереотиптер мен мифтер
• Бала саудасы түсінігі және түрлері. Бала еңбегі мен бала саудасының айырмашылығы. Бейнероликтерді қарау және талқылау.
• Көшедегі қауіпсіздік. Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік.
• Жолдағы қауіпсіздік. Жедел әрекеттер.
• Қорытындылау, кері байланыс.
Оқушылар сұрақ қойып, өздеріне маңызды ақпараттар алды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: