Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республика күніне орай арнайы гимн орындалды
25
октябрь
2023
Республика күніне орай арнайы гимн орындалды
25 қазан Республика күніне орай, №181 Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының гимні орындалды. Гимн - мемлекеттің басты рәміздерінің бірі @alatau_bilim_bolimi
“Берекелі күз”
17
октябрь
2023
“Берекелі күз”
16-20 қазан аралығында 1-сыныптар “Берекелі күз”, 2-сыныптар “Алтын күз” тақырыбында көрме өткізуде. Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу.
Спорт шеберлерімен кездесу
13
октябрь
2023
Спорт шеберлерімен кездесу
Дене шынықтыру пәнінің апталығы аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, еркін күрестен Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерімен кездесу. @alatau_bilim_bolimi
“Әкем, анам және мен”
11
октябрь
2023
“Әкем, анам және мен”
мектебімізде дене шынықтыру пәнінің апталығының аясында, 4 сыныптар арасында “Әкем, анам және мен” атты отбасылық сайыс өтті. Спорттық жарыстар арқылы оқушылардың бойындағы ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Жарысты мектеп әкімшілігі төрелік етті Мектеп директоры: Ж. И.Сатаева Оқу іс жөніндегі орынбасары: А.Т.Байтас Оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.О.Рыскелдинова Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С.Н.
Ұстаздар күні
05
октябрь
2023
Ұстаздар күні
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз.Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
"Қарттарым - асыл қазынам"
28
сентябрь
2023
"Қарттарым - асыл қазынам"
Мектебімізде 1 қазан қарттар күніне орай 6-7 сынып оқушылары арасында "Қарттарым - асыл қазынам" тақырыбында эссе жазу байқауы өтті. Оқушылар сүікті ата-әжелері туралы ойларын және алыстағы ата-әжелеріне деген сағыныштарын қагаз бетіне түсірді. @edu.almaty @alatau_bilim_bolimi @akmurzaevakarlygash #қарттаркүні
“Ғасыр жаршысы”
07
сентябрь
2023
“Ғасыр жаршысы”
№181 ЖББ мектептің “Ғасыр жаршысы” дебат клубының 2023-2024 оқы жылындағы алғашқы, жиналысы өтілді. Жиналыс барысында, жылдық жоспарлар қарастырылып, кординаторлар тағайындалып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Дебат клубы тәлімгерлер: Н. Сержанмен И. Ақжол директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сәкен Нұржанұлының кураторлығымен өз жұмысын бастады. @edu.almaty
“Тіл - кемел болашақ тұғыры”
05
сентябрь
2023
“Тіл - кемел болашақ тұғыры”
5 қыркүйек - Қазақстан халықтары тілдері күніне орай “Тіл - кемел болашақ тұғыры” атты мерекеде мектебіміздің кітапханасында ашық көрме өтті. 5-6 сынып оқушылары түрлі мағұлматтар алып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар 5 қыркүйек қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туылған күні. Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына мың тағзым. @edu.almaty @alatau_bilim_bolimi
Білім күні
01
сентябрь
2023
Білім күні
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектебімізде, 1 қыркүйек- Білім күніне арналған “Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. -Байлығымыз, ертеңіміз балалар, Балалармен бақытымыз саналар Еліміздің ертеңін де қалайтын, Дәл осындай ақылдылар, даналар. Жиынымыздың басты қонағы, Алатау ауданының әкімі Қалдыбеков Азамат Бескемірұлы
Қазақстан Республикасының рәміздер күні
04
июнь
2023
Қазақстан Республикасының рәміздер күні
лматы қаласы Алатау ауданы №181 ЖББМ ұжымы, 4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күнімен, барша Қазақстандықтарды құттықтайды! @alatau_bilim_bolimi @akmurzaevakarlygash #рәміздеркүні