20
ноябрь
2025
20 қазан – Аспаздар күні:
20 қазан – Аспаздар күні: еңбегі мен мейірімі ерекше адамдарға құрмет көрсету күні!Мектебімізде бұл маңызды мереке ерекше түрде аталып өтті. Өзін-өзі басқару ұйымы аспаз апайларымызға деген алғыс пен ризашылығын бейнежазба арқылы жеткізді. Бұл бейне тек сөзбен шектелмей, жүректен шыққан шынайы ықылас пен қамқорлықтың көрінісі болды.Бейнежазба барысында оқушылар аспаз апайлардың күнделікті еңбегін, мектептегі балаларға дайындайтын дәмді әрі пайдалы тамақтарын бағалай отырып, олардың қажырлы еңбегі мен мейірімділігін атап өтті. Әрбір оқушы өз сезімін білдіріп, жылы лебіздер мен ризашылық сөздерін жеткізді. Кейбіреулер өздерінің сүйікті тағамдары туралы айтып, аспаз апайлардың шеберлігін мақтап, көңілді сәттер арқылы мерекелік атмосфераны толықтырды.