18
декабрь
2025
Жетістігімді еліме арнаймын – әр жас жүректің арманымен үндескен челлендж!
Жетістігімді еліме арнаймын – әр жас жүректің арманымен үндескен челлендж!Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен осы ауқымды челлендж аясында өз жетістіктерін елге арнаған бейнежазба түсірілді. Бұл жоба – оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді, жауапкершілікті және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған ерекше бастама болып табылады.Бейнежазба барысында оқушылар өздерінің жеке жетістіктері мен табыстары туралы айтып, оларды тек өзіне ғана емес, туған елге қызмет ету үшін қалай пайдаланатынын көрсетті. Бірі спортта жоғары нәтижелерге жеткенін, бірі шығармашылық салада ерекше қабілеттерін дамытқанын, енді бірі қоғамдық шараларға белсенді қатысып, өзгелерге үлгі көрсеткенін ортаға салды. Әрбір оқушының сөзі – табандылық пен еңбекқорлықтың, армандар мен мақсаттардың айқын көрінісі болды.