Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2025

«Отбасы күніне арналған фото сурет көрмесі»

Отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Отбасы – бақыт мекені» атты фото сурет көрмесі өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланыс пен мейірімге толы қарым-қатынасты насихаттау, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Көрмеге оқушылар мен ұстаздардың отбасылық өмірден түсірілген фотосуреттері қойылды. Әрбір туындыда отбасы жылулығы, сүйіспеншілік, татулық пен бірлік сезімдері айқын көрініс тапты. Суреттер арқылы қатысушылар өз отбасыларының ерекше сәттерін, қуанышты естеліктерін бөлісті.
Көрмеге келген қонақтар мен ұстаздар фотосуреттерді тамашалап, әр отбасының өзіндік ерекшелігі мен мейірімге толы атмосферасын сезінді. Іс-шара жылы көңіл күй мен шынайы эмоцияға толы мерекелік сипатта өтті.
Көрме соңында үздік жұмыстардың авторлары марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылар Отбасы күнінің адам өміріндегі маңыздылығын атап өтіп, мұндай іс-шаралар оқушылардың бойына сүйіспеншілік, сыйластық және отбасына деген құрмет сезімдерін сіңіруге зор ықпал ететінін жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: