26
декабрь
2025
Жаңа жыл – армандар мен қуанышқа толы, сиқырлы мереке!

Мектебімізде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл ерекше кештің басты мақсаты – оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, жыл соңындағы қуаныш пен достық атмосферасын сезіндіру болды.Шараны өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырып, арнайы сахналық қойылым әзірледі. Оқушылар әр түрлі мерекелік персанаждарды сомдап, балаларға ерекше сиқыр мен қуаныш әкелді. Жаңа жылдық кейіпкерлердің әрбір қимылы, әзілдері мен ойындары кішкентай көрермендердің жүрегін жаулап, беттеріне күлкі мен шаттық орнатты. Әр сахналық көрініс мерекенің сиқырлы атмосферасын толық жеткізіп, балалардың көңілін көтеріп, жыл бойы есте қалатын естелікке айналды.Мерекелік шара барысында түрлі ойындар, қызықты викториналар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылып, балалар белсенді қатысып, достарымен бірге көңілді сәттерді бөлісті. Сонымен қатар, әр персанаждың шығармашылыққа толы қойылымы мерекенің негізгі идеясына – жылды қуанышпен, бірлік пен достық рухымен қарсы алуға үндеді.