Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
эко сағат
04
октябрь
2019
эко сағат
№181 ЖББ мектепте экосағат өткізуді дәстүрге ала отырып, "Табиғатты аялайық" тақырыбында экосағаттар өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейрімділікке, ізгілікке тәрбиелеу , экологиялық тәрбие беру, табиғат анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
ұстаздар күні
03
октябрь
2019
ұстаздар күні
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық Осы сөзде таусылмайтын жылылық Әль-Фараби, Ыбыраймен, Ахаңды Осы сөз ғой қойған ұлы қып! Бүгін №181 ЖББ мектете Алатау ауданының ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтау үшін Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ағыбаев С.Б құттықтау сөзін айтып, марапат грамоталарын тапсырды. Ұстаздарымызды құттықтап мектеп ата-аналар атынан қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары: Мақсат Базарбай, "Жігер" тобы, Сағатұлы Мэлс, Саттар Ерубаев, Сағатов Нұрахмет, Әуезбай Ғалымжанмырзалар өз
кездесу
01
октябрь
2019
кездесу
181 ЖББ мектепте бүгін, қазан айының алғашқы күнінде, еліміздің дәстүрлі ән өнерін насихаттап жүрген, беткеұстар тұлғаларымыздың бірі әнші Рамазан Стамғазиев және жас айтыскер ақын Сырым Әуезханмен әдеби кеш өтті. Оқушыларымызға мағыналы әңгімелері мен мәнді ойларын бөліскен Рамазан ағамыз өзінің әуезді әнімен көңіл көкжиегімізді кеңейтсе, талай айтысын тамашалап жүрген ақын Сырым Асылханұлы мектебімізге арнау арнап, жалынды жырын төкті. Талғамды жыр, салиқалы сыр ақтарылған бұл кеш келген
Қауіпсіз мектеп акциясы
26
сентябрь
2019
Қауіпсіз мектеп акциясы
№181 ЖББ мектепте 16-20 қыркүйек күндері аралығында "Қауіпсіз білім ордасы" атты Республикалық онкүндік аясында оқушылардың арасындағы қарым-қатынас мәдениеті үлкенді сыйлау,кішіге құрмет көрсету,жат қылықтардан аулақ болу мақсатында түрлі іс-шаралар, дәрігерлік кеңестер және де мектебіміздің 1 сынып бүлдіршіндерінің қатысуымен "Қауіпсіз мектеп" акциясы өтті. Акцияға 475 1 сынып оқушысы және ата-аналар қатысты. Мектеп директоры тарих ғылымдарының кандидаты ҚР Білім Беру ісінің құрметті
Ата-аналар жиналысы
21
сентябрь
2019
Ата-аналар жиналысы
21.09.2019ж №181 ЖББ мектепте шет ел азаматтары ата-аналарына мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста оқушылардың сабақ үлгеріміне қиындық туғызып жатқан жағдайларды шешу жолдары қарастырылды. Ата-ана тарапынан сұралған қосымша сабақтар өз деңгейінде шешімін тапты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтің  жолдауы
21
сентябрь
2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтің жолдауы
2019 жылдың 21 қыркүйек күні 181 ЖББ мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауы талқыланды. Тарих пәнінің мұғалімі педагог мастер Саденова А. жолдауда көрсетілген негізгі тапсырмаларды анық, нақты екенін айта отырып, осы мақсатта бірлесе жұмыстар атқару керек екенін атап айтты.
Қуыршақ спектаклі
20
сентябрь
2019
Қуыршақ спектаклі
20.09.2019 күні №181 ЖББ мектепте Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, қала күні мерекелеу аясында "Қуыршақ думан" спектаклін оқушыларға сахналады.
"Жас Ұлан" Ұланбасшысын сайлау рәсімі.
17
сентябрь
2019
"Жас Ұлан" Ұланбасшысын сайлау рәсімі.
17.09.2019 күні №181 ЖББ мектепте мектепішілік "Жас ұлан" ұйымы Ұланбасшысын сайлау рәсімі болып өтті. Сайлауға 10 үміткер қатысты.Әр оқушы жоспар бойынша өз жұмыстарын таныстырды. Сайлау нәтижесі бойынша Кемелбек Арман "Жас Ұлан" ұйымы Ұланбасшысы болып тағайындалды.
психологтің 1 сыныппен жұмысы
11
сентябрь
2019
психологтің 1 сыныппен жұмысы
11.09.2019 күні мектеп психологтары мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сыныптармен танысып, әңгімелесіп, тұлғалық даму типтерін таным процестері арқылы анықтауға тырысты. Биылғы жылғы 1 сынып оқушылары өте белсенді, зейінді, сыныптастарымен қарым-қатынасы қалыпқа түскен,ашық мінезді екені айқындалды. Алдағы уақытта мектеп психологтары 1 сынып оқушыларының мектепке, оқуға мұғалімге бейімделуіне байланысты жұмыстар жү ргізеді.
"Отбасы күні" апталығы
11
сентябрь
2019
"Отбасы күні" апталығы
№181 жалпы білім беретін мектепте 5-11 қыркүйек күндері аралығында "Отбасы күні" апталығы аталынып өтті. Апталық барысында сынып сағаттары, сурет сайыстары және мектепішілік ата-аналар жиналысы болды. Жиналыста қаралған мәселелер: 1. Отбасы құндалағы; 2. мектеп формасы; 3. оқушылардың сабақ үлгерімі; 4. әртүрлі мәселелер.