Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
жетістік
22
февраль
2020
жетістік
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына және Жеңістің 75 жылдығы аясында өткізілген әскери- патриоттық әндер байқауында лауреат атанған Сайн Жамилә Алатау ауданы әкімі А.Қалдыбековтің дипломымен марапатталды.
жетістік
14
февраль
2020
жетістік
"Асылым-өнер-білім орталығы" М.Мақатаевтың 89 жылдығына орай " Бүгін менің туған күнім..." атты республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауына қатысып 1 "И" сынып оқушылары Талғат Нұрмұрат 3-орын, Қалдыхан Зере , Сағатпек Балнұр , Ғалым Алина 2 орынға ие болды. Жетекшісі Бупежанова Жазира.
кездесу
13
февраль
2020
кездесу
Бүгін, 13.02.2020 күні 181 ЖББ мектепке қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы директоры орынбасары Темербекова М.Н, оқу бөлімінің жетекшісі Батырбаева М.А, ғылыми-әдістемелік және инновациялық жұмыс бөлімінің жетекшісі Сайлыбаев А.А және осы аталған орталықтың қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті. Пән мұғалімдеріне 9 сыныптың қорытынды емтиханды өткізу ережесімен таныстырды. Ұстаздар қауымы жаңартылған білім мазмұнына байланысты сұрақтарына жауап алды.
жетістік
12
февраль
2020
жетістік
Ы.Алтынсарин атындағы І республикалық олимпиадасына қатысып, Мурадова Айна Кабулқызы " Ы. Алтынсарин атындағы І республикалық олимпиадасы" атты төсбелгісімен марапатталды.
жетістік
12
февраль
2020
жетістік
" Өнер өркениет" атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында " Көркем сөз" номинациясы бойынша өнер көрсетіп ерекше көзге түскені үшін мектебіміздің 2 сынып оқушысы Есен Айсұлтан 1-ші дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.
жетістік
12
февраль
2020
жетістік
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Тульбасиева Гүлзада Молдабаевна Қ.Р білім және ғылым министрлігінің атынан құрмет грамотасымен марапатталды.
жетістік
11
февраль
2020
жетістік
Қадірменді Абсадыкова Матлуба Шертайқызы! Сізді 181ЖББ мектеп ұжымы 60 жасқа толған мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтайды. Киелі де, қастерлі мекен, ел қорғаған өр тұлғалы Райымбектей батырлардың ақиық ақын Мұқағалидың өмірге келген өлкесінде, жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты, сізді 60- жастың Асқарлы Алатау белесіне алып жетті. Сіздің алдыңызда шәкірттеріңіз білім нәрімен сусындап, Республикалық, қалалық, аудандық жарыстарда жүлдегер атанды. Егеменді еліміздің жарқын болашағы - өскелең
жетістік
10
февраль
2020
жетістік
Педагогикалық еңбек жолында өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие беріп, бойындағы азаматтық ұстанымын қалыптастырғаны үшін Иманбаева Жанар Елемесовна " Педагогика саласының үздік қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.
жиналыс
10
февраль
2020
жиналыс
№181 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жүргізген Online конференциясына қатысып, наурыз айында болатын ҰБТ-ның өту тәртібі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кезекті ақылы тесттің өткізілуі барысында оқушылар өз мүмкіндіктерін сынай алады. Оқушылар конференция барысында әртүрлі сұрақтарын қойып, оған нақты жауаптар алды. Мектеп бітірушілерге бейіндік пәндерді дұрыс таңдауды, мамандықты таңдаудың дұрыс кілті екені баса айтылды.
жиналыс
08
февраль
2020
жиналыс
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 ЖББ мектепте 05.02.2020 күні мектеп инспекторының қатысуымен білім беру ұйымдарының білім алушыларына құқықтық тәрбие беру мәселелері бойынша 8,9 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оны жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында олардың құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде ықпал ету үшін видео-ролик көрсетілді. Оқушылар да өз