Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
жетістік
08
февраль
2020
жетістік
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында тарихи тұлғаларға арналған "Мен ұлы ұлттың перзентімін" атты аудандық патриоттық жыр мушайрасына қатысып, 8 сынып оқушысы Асылбеков Сәкен жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Сманғали Ақерке.
жетістік
07
февраль
2020
жетістік
Өскелең жас ұрпақты өнерге тәрбиелеуде жеткен жетістігі мен өнерге баулыған еңбегі және өте жоғары кәсіби деңгейі үшін Иманбаева Ж.И құрмет дипломымен марапатталды.
жетістік
07
февраль
2020
жетістік
Мектебіміздің мақтанышы "Айша-бибі" би ансамбілі Жұлдыз продюсерлік орталығы халықаралық шығармашыл жастар телебайқауы ұйымдастыруымен "Достар дауысы" байқауына қатысып, нәтижесінде "Дала сазы" биі БАС ЖҮЛДЕ. " Испан","Өзбек", " Қызғалдақ", "Құстар" биі І дәрежелі дипломмен марапатталды.
жетістік
05
февраль
2020
жетістік
Бүгін, 04.02.2020 күні 181 ЖББМ- те Алатау ауданы Білім бөлімі және мектеп кітапханашылардың ұйымдастыруымен өткен Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында Ұлы Абайдяң 175 жылдығына орай жас оқырмандардың бойына кітап оқу мәдениетін және ұлы тұлғаның ой-талғамдарын кеңінен дәріптеу мақсатында "Абай мұрасы-халық қазынасы" атты аудандық байқау болып өтті.Байқауға Республикалық Ғылыми Педагогикалық кітапхананың әдіскері- Емишева Аманкүл Бастаубаевна. Алатау ауданы әдіскері -
жетістік
03
февраль
2020
жетістік
01.02.2020 жылы 151 мектепте Ұлттық лига аясында 5-6, 7-8 сыныптар арасында стритболдан жарыс болып өтті. Жарысқа аудан мектептерінен 17 команда қатысты. Жарыс ауданның спорт әдіскері Идрисбеков Еркебұланның бақылау-басшылығымен және бас төреші Ғабитұлы Азаттың жүргізуімен өз мәнінде, әділ өтті.Жарыс қорытындысы бойынша 5-6 ,7-8сыныптардың қыздар командалары арасында 181ЖББ мектеп қыздары 3 орын иеленді.
жетістік
03
февраль
2020
жетістік
2020жылдың 31-қаңтар айы Алматы қаласы Алатау ауданы Білім беру ұйымдарындағы "Жас Ұлан" РББЖ ұйым мүшелерінің арасында өткізілген экологиялық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған "Шебер қолдар" атты сайысқа N181 ЖББ мектебінің "Жас Ұлан" ұйымы оқушылары қатысып "Фантазист шебер қолдар" номинациясымен марапатталды.
ашық сабақ
31
январь
2020
ашық сабақ
30.01.2020 күні бастауыш бірлестігінің он күндігі аясында 4"л" сыныбы "Адамның табиғатқа бейімділігі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жетекшісі: Тойғанбекова Ләззат.
жиналыс
28
январь
2020
жиналыс
Бүгін, 28.01.2020 күні мектебімізде " Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" атты тақырыпта 9 сыныптар арасында тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.
жарыс
27
январь
2020
жарыс
24.01.2020 күні 181 ЖББ мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 3 сынып оқушылары арасында "Кім жылдам?" атты спорттық сайыс өткізілді. Сайысқа 6 команда қатысып, нәтижесінде 3"К" сыныбы "Қыран" тобы жеңіске жетті. Жетекшісі Әжімұқан Ақжібек.
жарыс
25
январь
2020
жарыс
25.01.2020 күні мектебімізде "Әкем,шешем және мен" атты отбасылық спорттық жарыс өтті. Жарысқа 5 команда қатысты. 3"А" сыныбы "Арыстан" тобы. 3"Б" сыныбы "Сұңқар" тобы. 3"В" сыныбы " Қыран" тобы. 3"Д" сыныбы " Болашақ" тобы. 3"Г" сыныбы " Алатау барысы" тобы. Сайыс қорытындысы бойынша "Арыстан" тобы жүзден жүйрік шығып, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.