Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2026

«Шаршаудан шабытқа» арт-терапиясы ✨

«Шаршаудан шабытқа» арт-терапиясы ✨

Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған ерекше форматтағы арт-терапиялық сабақ өткізілді.
Тақырыбы – «Шаршаудан шабытқа».

Бұл терапияның басты мақсаты – ұстаздарымыздың эмоционалдық және психологиялық шаршауын жеңілдетіп, ішкі күйзелістен арылуына қолдау көрсету. Сонымен қатар, қатысушылардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, өмірге және сүйікті мамандығына деген жағымды көзқарасын нығайту көзделді.

Сабақ барысында әріптестеріміз шығармашылық жұмысқа белсене қатысып, өз сезімдерін бояу арқылы жеткізді. Әр туынды – ішкі жан дүниенің көрінісі, ал әр сәт – шабытқа толы ерекше тәжірибе болды. 🎨💖

Нәтижесінде, ұстаздарымыз сергіп, жаңа күш-қуат алып, шабыттарын қайта жандандырды.

🤍 Ұйымдастырушылар:
Бастауыш сынып мұғалімдері
• Ахмарал Утешова
• Ұлболсын Қалмырза
• Салтанат Рахметолла •Гулдана Орынбай

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: