21
октябрь
2025
«Мен – өз Отанымның патриотымын»
Бүгін мектеп қабырғасында оқушылардың шығармашылығын дамыту және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында «Мен – өз Отанымның патриотымын» атты сурет көрмесі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды туған жерін, елін сүюге, оның тарихын құрметтеуге, тәуелсіз елдің азаматы ретінде жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.Көрмеге әр сыныптың дарынды оқушылары қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етті. Көрмеде Қазақстанның көрікті жерлері, ел рәміздері, батыр бабаларымыздың ерлігі, бейбітшілік пен бірлік тақырыптары бейнеленген түрлі жанрдағы суреттер қойылды.Шара барысында көрермендер жас суретшілердің еңбектерін тамашалап, олардың әр туындысына тән ерекшеліктерімен танысты. Әрбір суретте авторлардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен мақтанышы айқын сезілді.Көрме соңында үздік деп танылған жұмыстардың авторлары марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырумен қатар, олардың азаматтық позициясын нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті.