Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2025

“Бұл палата жас түлек өз мамандығын өзі таңдау қажет деп есептейді”

Кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес, 8-сынып оқушылары арасында “Бұл палата жас түлек өз мамандығын өзі таңдау қажет деп есептейді” тақырыбында дебат өткізді.
Дебаттың мақсаты: Оқушылардың бойында өзіне деген сенімділігін арттыру, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауға, ата-аналарынан қолдау күтпей, өздері алға үлкен мақсаттар қоя алатын жаңашыл жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Дебатта қазіргі таңдағы актуальды тақырыптардың бірі талқыланғандықтан дебат өте қызықты, тартысты өтті.
Жақтаушы топ ата-аналарының әлі де болса мамандық таңдауда балаларына көбірек алаңдайтындығын, өздеріне таңдау жасауына сенімсіздікпен қарайтындығы туралы қызу талқыланып, жас түлек өз мамандығын өзі таңдау қажет деген пікірлерімен бөліссе, даттаушы топ ата-аналардың баласы үшін алаңдағаны дұрыс, олар өмірде тәжірибиесі бар адамдар, сондықтан біз үшін жақсы мамандықты тек ата-анамыз ғана таңдап бере алады деген қарсылас топтың қарсы пікірімен жалғасып, өз ойлары мен пікірлерін ашық алаңда ортаға салды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

26 январь 2022 Ұшқыр ой алаңы
18 декабрь 2021 Дебат клубы