01
сентябрь
2025
"Мектебім- мейірім мекені"
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және жас бүлдіршіндер!
Бүгін — Білім күні, баршаға қуаныш пен шаттық сыйлайтын мереке. Әр оқу жылы — жаңа бастама, жаңа үміт, жаңа жетістікке бастайтын қадам.
🌟 Биыл мектебіміздің табалдырығын аттап, 1-сыныпқа алғаш келген кішкентай достарымызды ерекше құттықтаймыз! Бұл — сіздердің өмірлеріңіздегі ең маңызды әрі қызықты сәттердің бірі. Әріп пен санды үйреніп, кітаптың ғажайып сырын ашып, достықтың қадірін сезінетін уақыт келді.
Қымбатты шәкірттер! Сіздерге нық қадам, сәттілік пен шабыт тілейміз. Ұстаздарымыздың жүрек жылуы мен ата-ананың қамқорлығы сіздерді әрқашан демеп, биікке жетелей берсін.
🎉 Білім күні құтты болсын!
Жаңа оқу жылы мектепке қуаныш, шәкірттерге жеңіс, ұстаздарға абырой әкелсін!
https://www.instagram.com/reel/DOEFf0KCEqj/?igsh=MWR2NnIxMmQzd2hkMA==