Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2025

«Тәуелсіз Қазақстан – Ұлы дала елі» атты сурет көрмесі өтті

«Тәуелсіз Қазақстан – Ұлы дала елі» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді арттыру, ел тарихына, тәуелсіздік құндылықтарына деген құрметті қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Көрмеге әр сыныптың өнерге бейім оқушылары қатысып, түрлі техникада салынған өздерінің туындыларын ұсынды. Әрбір суретте тәуелсіз еліміздің жетістіктері, қазақ халқының рухы, кең байтақ даламыздың сұлулығы мен бейбіт өмірдің бейнесі көрініс тапты.Көрмеге келген қонақтар мен ұстаздар жас суретшілердің еңбектерін жоғары бағалап, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын айқын сезінді. Әр туындыда авторлардың «Мен – өз елімнің перзентімін» деген патриоттық ұстанымы байқалды.
Іс-шара соңында үздік деп танылған жұмыстардың авторлары марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың жас буынның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мен өнерге деген қызығушылығын арттырудағы маңызын атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

20 декабрь 2024 “Let’s speak English”
15 декабрь 2021 Жас Ұлан