“Мен өз Отанымның патриотымын”
Бүгін мектеп қабырғасында ерекше рухани серпіліс сезілді. “Мен өз Отанымның патриотымын” атты эссе байқауы жас жүректердегі елге деген махаббатты тағы бір мәрте оятқандай болды. Сынып бөлмелерінен шығатын қалам сызығының сыбдыры, ойлана қараған көздер, әр сөйлемге жанын салған оқушылардың ынтасы — бәрі бұл байқаудың маңызын айқын көрсетті. Әрбір эсседе баланың өз Отанын қалай түсінетіні, туған жерге деген сүйіспеншілігі, арман-қиялы мен ұлттық рухы көрініс тапты.Бірі туған ауылын жырға бөлесе,