“Күзгі асар”
Бүгін мектебіміздің бастауыш сыныптары ерекше жылулыққа бөленді. “Күзгі асар” тақырыбындағы жәрмеңке дәлізді балғын балалардың күлкісімен, түрлі-түсті өнімдердің хош иісімен толтырды. Әр сынып өз қолымен әзірлеген тағамдар мен қолөнер бұйымдарын әкеліп, кішкентай саудагерлердей жарқырап тұрды. Бір бұрышта жаңадан піскен бәліштің иісі аңқып жатса, екінші бұрыштан өрнекті тәттілер мен қиялға толы қолөнер бұйымдары көз тартады.Ата-аналар мен ұстаздар балалардың еңбегіне сүйсіне қарап, өз