«Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу – жасөспірім денсаулығының кепілі»
Мектебімізде жоғары сынып қыздарына арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің репродуктивті саулығын қорғау, ерте жастағы жүктіліктің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Іс-шараға ДТІЖО Нұржан Сәкен, Аға тәлімгер Карібай Аида, мектеп психологы Бапанова Райкүл, мектеп медбикесі Джалпакова Айкен Токманбетовна, сондай-ақ №29 қалалық емхананың дәрігер-педиатры Аккулова Гүлсара Әбсейтовна қатысып, өзекті тақырып аясында түсіндіру жұмыстарын