05
сентябрь
2025
«Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу – жасөспірім денсаулығының кепілі»

Мектебімізде жоғары сынып қыздарына арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің репродуктивті саулығын қорғау, ерте жастағы жүктіліктің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Іс-шараға ДТІЖО Нұржан Сәкен, Аға тәлімгер Карібай Аида, мектеп психологы Бапанова Райкүл, мектеп медбикесі Джалпакова Айкен Токманбетовна, сондай-ақ №29 қалалық емхананың дәрігер-педиатры Аккулова Гүлсара Әбсейтовна қатысып, өзекті тақырып аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге пайдалы ақпараттар беріліп, олардың сауалдарына жауаптар ұсынылды. Мұндай шаралар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өз денсаулығына саналы түрде қарауға тәрбиелейді.