Біз туралы » Страница 11 » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ғылымның ғажап үш тірегі»
22
апрель
2022
«Ғылымның ғажап үш тірегі»
«Ғылымның ғажап үш тірегі» атты математика, информатика, физика пәндер бірлестігінің онкүндігінің жабылу салтанаты болып өтті. Кеште сөз алған мектеп директоры Сатаева Женикуль Имангалиевна онкүндік барысында үздік ашық сабақтар, үздік сыныптан тыс іс-шаралар, аудандық семинарды жоғары деңгейде өткізген мұғалімдерді құрмет грамоталарымен марапаттады. Онкүндікті барлық мектеп ұжымы жоғары бағалады. Барша марапатталған ұстаздарымызды құттықтаймыз!!!
КВН ойыны
16
апрель
2022
КВН ойыны
16 сәуір күні мектебімізде Жас мамандардың қатысуымен КВН ойыны ұйымдастырылды. Сайысқа 3 команда қатысты. 1. “Бай ұстаздар” командасы 2. “Ми-Ми-Ка” командасы 3. “ТЖБ” командасы Ұстаздарымыз біліктілігімен бірге өздерінің жан-жақты өнерлі, ізденімпаз ұстаз екендерін тағы бір дәлелдеді. Сайыс нәтижесі бойынша: Бас жүлдеге “ Бай ұстаздар”командасы І орынға “ Ми-Ми-Ка” командасы ІІ орынға “ТЖБ” командасы ие болды.
"Логарифмдік теңдеулерді шешу"
15
апрель
2022
"Логарифмдік теңдеулерді шешу"
15.04 күні алгебра пәнінен 11 "Ә" сыныбынды "Логарифмдік теңдеулерді шешу" тақырыбында ашық сабақ болды. Мақсаты оқушыларға логарифмдік теңдеу шешуді үйрету, алгоритмін есеп шығаруда қолдана білу. Пән мұғалімі Байменденова Маржан Сайлаубековна
" Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы" оқулары
14
апрель
2022
" Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы" оқулары
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілетін Республикалық " Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы" оқуларының аудандық кезеңінде өзінің шығармашылдығымен топ жарып, І орынға ие болып, қалалық кезеңге жолдама алған мектебіміздің 8"Ж" сынып оқушысы Бектан Жанайымды құттықтаймыз! Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рапашева Ерке Бисенғалиқызы
" Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы" оқулары
14
апрель
2022
" Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы" оқулары
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілетін Республикалық " Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы" оқуларының аудандық кезеңінде өзінің шығармашылдығымен топ жарып, бас жүлдеге ие болып, қалалық кезеңге жолдама алған мектебіміздің 9"Ә" сынып оқушысы Жақыпов Темірланды құттықтаймыз! Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сманғали Ақерке Турсунқызы
"Дәстүрлі ән"жанры бойынша ән байқауы
11
апрель
2022
"Дәстүрлі ән"жанры бойынша ән байқауы
Алатау ауданы мектеп оқушылары арасында өткен көркемөнерпаздар байқауында "Дәстүрлі ән"жанры бойынша ерекше өнер көрсетіп,мектебіміздің 8 сынып оқушысы Шәріпбай Ақдидар "Бас жүлдеге"ие болды. Жетекшісі:Қанибек А.Т
сенбілік ата-аналар жиналысы
09
апрель
2022
сенбілік ата-аналар жиналысы
Бүгінгі сенбі мектебімізде 11-сынып ата-аналарының кезекті жиналысы өтілді. Күн тәртібінде болашақ түлектердің алдағы келе жатқан ҰБТ және мемлекеттік емтихан мәселелері, олардың дайындықтары, білім деңгейі мен тәртібі мәселелері қарастырылды. Жиналысқа Тестілеу орталығынан арнайы маман ретінде Сыдықбекова Гулнар Шариабаевнашақырылды. Арнайы маман Ұлттық Біріңғай Тестілеу кезіндегі тәртіп, жағдаяттарды баяндап, ата-аналардың балаларымен жүргізуге тиісті жұмыстарын түсіндіре кетті. Мектеп
“Дарынды бала - ұлт болашағы”
07
апрель
2022
“Дарынды бала - ұлт болашағы”
Армысыздар, ғылымсүйер қауым, мектебіздің ресми парақшасының оқырмандары, 07.04.2022 жылы мектебімізде “2022 жыл - Бала жылына” байланысты мектеп оқушыларын ғылыммен айналысуға насихаттауға, ғылыммен айналысып жүрген өскелең ұрпақты мадақтау, оларға бағыт-бағдар беру, аудитория алдында шебер сөйлеуді үйрету мақсатында “Дарынды бала - ұлт болашағы” атты ғылыми жобалар фестивалі өтті. Фестиваль қонақтары ретінде аттары көпшілікке белгілі тарихшы-жазушы Марат Сенбі, тарихшы Арман Жұмаділ,
"PFL JUNIOR 2022"
06
апрель
2022
"PFL JUNIOR 2022"
Жасөспірімдер арасындағы чемпионатына 7 "З" сынып оқушысы Нұрбекұлы Али қатысып, I жүлделі орынға ие болды.