“Дарынды бала - ұлт болашағы” » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
апрель
2022

“Дарынды бала - ұлт болашағы”

Армысыздар, ғылымсүйер қауым, мектебіздің ресми парақшасының оқырмандары, 07.04.2022 жылы мектебімізде “2022 жыл - Бала жылына” байланысты мектеп оқушыларын ғылыммен айналысуға насихаттауға, ғылыммен айналысып жүрген өскелең ұрпақты мадақтау, оларға бағыт-бағдар беру, аудитория алдында шебер сөйлеуді үйрету мақсатында “Дарынды бала - ұлт болашағы” атты ғылыми жобалар фестивалі өтті. Фестиваль қонақтары ретінде аттары көпшілікке белгілі тарихшы-жазушы Марат Сенбі, тарихшы Арман Жұмаділ, фольклортанушы Берік Жүсіпов шақырылып, қонақтар өскелең ұрпаққа бағдар мен ғылыммен айналысуға мотивация бере кетті. Фестиваль нәтижесінде перспективті жобалар айқындалып, қонақтарымыздын да, көрермендеріміздің де жүрегінен және ойынан орын алды. @alatau_bilim_bolimi @zhuzelubir @zheniskulss

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

26 январь 2022 Ұшқыр ой алаңы
22 декабрь 2021 Биіктік белесінде