Біз туралы » Страница 8 » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сурет байқауы
20
октябрь
2022
Сурет байқауы
Алатау ауданы бiлiм бөлiмiнiң ұйымдастыруымен 2022 жылдың 1-30 қазан аралығында "Қарттар айлығы" аясында 181 жалпы білім беретін мектепте "Атам, әжем, мен" тақырыбында аудандық сурет байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 1"Ә" сынып оқушысы Әбдірахмет Ерсін ІІ орын иегері атанып, мадақтама қағазымен марапатталды.
Халықаралық таэквондо туринирі
20
октябрь
2022
Халықаралық таэквондо туринирі
Халықаралық таэквондо туринирінде 2 "Д" сынып оқушысы Асқарұлы Әмірхан жүлделі 3- орын иегері атанды.Жеңісті күндерің көп болсын!
Жетістіктеріміз
17
октябрь
2022
Жетістіктеріміз
Мектебіміздің 2”И” сынып оқушысы Мыңжасар Диас Алматы қаласы бойынша 27 кг салмақта каратэден жүлделі 3- орынды иеленді.
Алғыс хат
03
октябрь
2022
Алғыс хат
Бүгін мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбары Исатаева Ақерке Сағатқызы құқық қорғау қызметіне ат салысып, жас полиция көмекшілерінің Отанға деген патриоттық сезімдерін оятуға дұрыс бағытта тәрбие бергені үшін,Алатау ауданы ПБ бастығы І.Өмірсеріковтың алғыс хатымен марапатталды.
"ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ"
21
сентябрь
2022
"ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ"
"Руханы жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру барысында, балалар жылы аясында А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған қалалық жалпы білім беретін мекемелерiнiң оқушылары арасында өткен "ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ" атты танымдық - интеллектуалдық ойынының Аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орын алған мектебіміздің 8,9,10- сынып оқушыларын жеңісімен құттықтаймыз! Оқушымыздың алда алар асулары, бағындырар белестері көп болсын! Байқауға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
"Ұлағатты ұрпақ"
20
сентябрь
2022
"Ұлағатты ұрпақ"
Мектебіміздің 6"Д" сыныбының үздік оқушысы Джолдасов Сырым Кенжебайұлы Республикалық "Ұлағатты ұрпақ" энциклопедиялық жинаққа енді. "Күш атасы-білімде" екенін таныған саналы жас өз жетістігін туған халқына, үміт артқан ата-анасына арнағысы келеді. "Бала тәрбиесі-ұлт болашағы" демекші, сынып жетекшісі Нюсипбаева Назым Касымджанқызы да барлық оқушысына мейіріммен қарап, бар білгенін үйретуден жалықпайтын, қамқор жан!
“Қыз елдің көркі” тақырыбында қыздар жиналысы
13
сентябрь
2022
“Қыз елдің көркі” тақырыбында қыздар жиналысы
Бүгін, 9-11 сынып қыздары үшін мектепішілік “Қыз елдің көркі” тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиында мектеп медбикесі, мектеп психологі, аға тәлімгер және де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз сөйледі.
“Мерейлі отбасы - 2022”
12
сентябрь
2022
“Мерейлі отбасы - 2022”
Мектебіміздің 3 “Қ” сынып оқушысы Ержан Жасмин Елдарқызы отбасысымен бірге “Мерейлі отбасы - 2022” ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, өнегелі отбасылық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбеков мырза Отарбаевтар отбасын алғыс хатпен марапаттады.
№1 Педагогикалық кеңес
09
сентябрь
2022
№1 Педагогикалық кеңес
31 тамыз күні №1 Педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде 2022-2023 оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен, Әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру, қызметкерлерді ішкі тәртіп ережесімен, оқу кабинеттерінің бөлінісі, сынып жетекшілерді тағайындау, оқу кабинет меңгерушілері мен ӘБ құрамын бекіту, жас мамандарға тәлімгерлер белгілеу, аттестаттау және сараптама комиссиясының құрамын, оқу ауысымы мен қоңырау кестесін бекіту; Инклюзивті білім беру мен "Мектепке жол" республикалық акциясының өтілу