21
октябрь
2024
“ Жасуша компоненттерін микропрепарат көмегімен анықтау”
Мектебіміздің биология пәні мұғалімдері: Омарова Зулфия Тагабаевна мен Мергенбаева Кундей Ерболатовна 10 “Б” сыныбымен “ Жасуша компоненттерін микропрепарат көмегімен анықтау” атты зертханалық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Микропрепараттар көмегімен жасуша компоненттерін ажырату. Жұмыс барысында оқушылар жасуша ядросы, қабықшасы, цитоплазмасы секілді органоидтермен танысып, олардың 3D модельденуін игерді.