«Мектебім –аяулым мекенім» атты 10 жылдық іс-шара өткізілді » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2024

«Мектебім –аяулым мекенім» атты 10 жылдық іс-шара өткізілді

лматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепте «Мектебім –аяулым мекенім» атты 10 жылдық іс-шара өткізілді. Мектеп дәлізінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұстазы Р.Стамғазиевтен білім алған, музыка пәнінің мұғалімі У.М.Байкожаева өз шәкірттерімен бірге күй тартып қарсы алды. Мерекелік іс-шара ерекше форматта ұйымдастырылды.Биология пәнінің мұғалімдері З.Т.Омарова, К.Е.Мергенбаева «Гидропоника». Қалдықтарды қайта өңдеу тақырыбында зерттеу жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Инфоматика пәнінің мұғалімдері А.М.Жабыкбаев, А.Б.Таттибекова, М.Еркін «Роботатехника және 3D принтермен жұмыс» атты шеберлік сабақ көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Д.К.Байтуова Абай шығармаларынан көркем сөз оқу, ал Е.Б.Рапаш М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Тарих пәнінің мұғалімдері А.Ж.Сәденова, С.Нурашев «Өткеннің тарихын болашақ технологиясымен зерделеу», Қ.Ш.Қуандық, А.О.Имеш «Дипломатиялық клуб: Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі (рөлдік ойын) «Украина мен Ресей арасындағы соғыс кезіндегі адам құқықтарының бұзылуын» (дискуссия) көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Т.Меллат, А.Ж.Дурменов «Жас қалам» жас ақындар үйірмесінде оқушыларды ақындық өнерге баулу тәжірибесімен бөлісті. Ағылшын тілі және француз тілінің мұғалімдері А.Ж.Абилбекова, Г.Д.Карабалаева «My favorite profession» атты оқушыларды мамандыққа баулуға бағытталған шеберлік сабақтарын ұсынды. Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Г.К.Еркебаева, Ж.Е.Мамбетов, К.К.Жаксыбаева, Б.С.Нұрболатова мектеп дәлізінде үйірме жұмыстарымен келген жұртшылықыты тәнті етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: