Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Шаршаудан шабытқа» арт-терапиясы ✨
21
апрель
2026
«Шаршаудан шабытқа» арт-терапиясы ✨
«Шаршаудан шабытқа» арт-терапиясы ✨ Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған ерекше форматтағы арт-терапиялық сабақ өткізілді. Тақырыбы – «Шаршаудан шабытқа». Бұл терапияның басты мақсаты – ұстаздарымыздың эмоционалдық және психологиялық шаршауын жеңілдетіп, ішкі күйзелістен арылуына қолдау көрсету. Сонымен қатар, қатысушылардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, өмірге және сүйікті мамандығына деген жағымды көзқарасын нығайту көзделді. Сабақ барысында әріптестеріміз шығармашылық жұмысқа
“Абайтану” олимпиадасының қалалық кезеңі
20
апрель
2026
“Абайтану” олимпиадасының қалалық кезеңі
Республикалық Vlll “Абайтану” олимпиадасының қалалық кезеңінен 3-орын иеленген 9-сынып оқушысы Мұратқызы Мариямды құттықтаймыз! Мариам, алар асуың көп болсын. Мектебіміздің абыройын асқақтатып, мерейін үстем ете бер! Жетекшісі: Байтуова Дамира
“Балалар кітапханасы”
17
апрель
2026
“Балалар кітапханасы”
“Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында Ұлттық кітап күніне орай «Балалар басылымдары-кітапқа бастайтын жол» атты тақырыпта 3 “Ә” сынып жетекшісі М.Абилова “Менің сүйікті БАЛДЫРҒАН журналым” бойынша оқушыларына қызықты журналдармен таныстыру сағатын ұйымдастырылды.Кітапхана меңгерушісі Б.Аманкулова
«ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ»
16
апрель
2026
«ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ»
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ. Ауданымыздың 30 мектебі қатысқан бұл өнер додасында оқушылар өздерінің шығармашылығы мен актерлік шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді 👏 🏆 Нәтижесінде, байқаудың БАС ЖҮЛДЕСІНЕ 181 ЖББМ лайық деп танылды! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлеріңіз өрге жүзіп, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!
15 сәуір — Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні
15
апрель
2026
15 сәуір — Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні
15 сәуір — Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні 💖 Махаббат мерекесі жақындап келеді! ✨ Мектебімізде «махаббат қорапшасы» ұйымдастырылды 💌 Хат жазып, сезіміңізді жеткізіңіз 🤍
БАЛАFEST 2026
14
апрель
2026
БАЛАFEST 2026
БАЛАFEST 2026 аудандық балалар фестивалі аясында футболдан өткен жарыста мектебіміздің 2–3 сынып оқушылары керемет ойын көрсетіп, 🥇 І орын иеленді! Осы жеңістің арқасында жас спортшыларымыз қалалық кезеңге жолдама алды. Бұл – үлкен жетістік! 👏 Жетекшілері: Бәкір Дәурен Есенбек Ербұлан Жас футболшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Алдағы жарыстарда биік белестерді бағындыра берсін! ⚽️🔥
«Қазақтың ғарышкер қырандары» атты футбол жарысы
13
апрель
2026
«Қазақтың ғарышкер қырандары» атты футбол жарысы
Ғарышкерлер күніне орай, «Адал азамат» бағдарламасы аясында 8-сыныптар арасында «Қазақтың ғарышкер қырандары» атты футбол жарысы өтті! Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Оқушылар өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін дәлелдеді 💪 🏆 Нәтижелер: 🥇 1 орын – 8 «Ә» сыныбы 🥈 2 орын – 8 «Д» сыныбы 🥉 3 орын – 8 «Е» сыныбы Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! 👏 Жеңімпаздарға алдағы уақытта да сәттілік тілейміз! 🌟
қақпақ жинау акциясы
10
апрель
2026
қақпақ жинау акциясы
қақпақ жинау акциясында 1051 қақпақ жинап, алда келе жатқан — 5 “В” сыныбы! 👏 Жарайсыңдар, белсенділік пен ұйымшылдықтың нағыз үлгісі! 💪♻️ Басқа сыныптар, сіздер де белсенді болыңыздар! 🔥
Пластик қақпақтарды жинау акциясы
09
апрель
2026
Пластик қақпақтарды жинау акциясы
Құрметті оқушылар! 🌿 Бәріміз бірге табиғатты қорғауға үлес қосайық! Пластик қақпақтарды жинау акциясына қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға көмектесейік. Әрбір жиналған қақпақ — табиғатқа жасалған қамқорлық! 💚 Белсенді бол, достарыңды шақыр, бірге игі іс жасайық!
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»
08
апрель
2026
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда
Мектебімізде маңызды әрі мазмұнды сынып сағаты ұйымдастырылды. Сабақты мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Нурашев Сержан жүргізді. Сынып сағаты барысында оқушыларға «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбы кеңінен түсіндіріліп, танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары ақпараттар берілді.