Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы
20
май
2026
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында мектебімізде кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар, ұстаздар және ата-аналар бірлесе отырып ағаш егіп, гүл отырғызып, сенбілік жұмыстарына белсене қатысты. 🌱 Табиғатты аялау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Таза аула, жасыл орта — жарқын болашақтың бастауы!
Эстетика — тек фото емес. Эстетика — таза қала, таза ауа, таза сана
19
май
2026
Эстетика — тек фото емес. Эстетика — таза қала, таза ауа, таза сана
Эстетика — тек фото емес. Эстетика — таза қала, таза ауа, таза сана
Мамандықтар жәрмеңкесі 🎓
18
май
2026
Мамандықтар жәрмеңкесі 🎓
Мамандықтар жәрмеңкесі 🎓 Бүгін мектебімізде оқушылар үшін маңызды әрі мазмұнды Мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Шараға Алматы қаласының 32 оқу орнынан арнайы өкілдер келіп, өз мамандықтары туралы кеңінен ақпарат берді. Оқушылар түрлі бағыттармен танысып, болашақ мамандықтарын таңдауға үлкен мүмкіндік алды. Кездесу барысында оқушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай дұрыс бағыт таңдаудың маңыздылығын түсінді. ✨ Бұл – болашаққа жасалған сенімді қадам! Барша
Отбасы — мейірімнің мекені, жүректің жылуы 🤍
15
май
2026
Отбасы — мейірімнің мекені, жүректің жылуы 🤍
Отбасы — мейірімнің мекені, жүректің жылуы 🤍 Бірге күлген сәттер, шынайы қамқорлық пен таусылмайтын қолдау — отбасының ең үлкен байлығы. Отбасы күні құтты болсын! 👨‍👩‍👧‍👦✨
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы
14
май
2026
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында мектебіміздің бітіруші түлектері мектеп ауласына туя көшеттерін отырғызды 🌱✨ Бұл — туған мектепке деген алғыс пен келер ұрпаққа қалдырған жасыл сый. Бүгін егілген әрбір көшет — түлектердің жарқын естелігі мен ізгі ниетінің белгісі 💚
«Ұстазым» әні
13
май
2026
«Ұстазым» әні
Мектебіміздің бітіруші түлектері «Ұстазым» әнін шырқап, ұстаздарға ерекше құрмет көрсетті ✨ Бұл — жай ғана ән емес, жылдар бойы білім мен тәрбие берген жандарға арналған шынайы алғыс еді. Әр шәкірттің жетістігінің артында бағыт берген ұстаз тұрады. Сондықтан бүгінгі әсерлі сәт — ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластықтың, құрмет пен ризашылықтың көрінісі болды 🤍 Шәкірт жүрегіндегі алғыс — ең үлкен сый.
"SKATE SHYMKENT-2026"
12
май
2026
"SKATE SHYMKENT-2026"
Қуанышты жаңалық! 🏆 5 «Ә» сынып оқушысы Қоңырат Ақниет конькимен мәнерлеп сырғанаудан өткен “SKATE SHYMKENT–2026” халықаралық турнирінде І орын иеленді! 🥇⛸️ Ақниеттің еңбегі мен табандылығының нәтижесі — үлкен жеңіс! Жас спортшымызға биік белестерді бағындырып, алар асуы көп болсын дейміз. Жеңісің құтты болсын, Ақниет! 🌟 Сынып жетекшісі ретінде мақтанамыз! 💐👏
“Гүл Алматы” шарасы
11
май
2026
“Гүл Алматы” шарасы
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында “Гүл Алматы” шарасы өтті 🌸 Бүгін мектебімізде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында “Гүл Алматы” гүл отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға мектебіміздің 5-сынып оқушылары, барлығы 350 оқушы белсене қатысты. Шара барысында оқушылар мектеп ауласына гүл отырғызып, табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және туған жерге қамқорлық жасау құндылықтарын іс жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, оқушыларға арналған түрлі қызықты
«Тарихқа тағзым, батырларға мың алғыс…
08
май
2026
«Тарихқа тағзым, батырларға мың алғыс…
«Тарихқа тағзым, батырларға мың алғыс… Жеңіс жолында жанын қиған ерлердің рухына арналды. 7-сынып оқушылары дайындаған ерекше мерекелік концерт ❤️ Өткеннің ерлігі — бүгінгі ұрпаққа аманат. 9 мамыр — Жеңіс күні құтты болсын! 🌟
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні
06
май
2026
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні
Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ел тыныштығы мен халық амандығы жолында қызмет етіп жүрген әрбір азаматқа зор алғыс білдіремін. Сіздердің ерлік пен батылдыққа толы еңбектеріңіз — Тәуелсіз еліміздің берік қорғаны. Жүректеріңізден намыс оты өшпесін, күш-жігерлеріңіз тасып, абыройларыңыз асқақтай берсін! Әр шаңырақта бейбітшілік, әр отбасында қуаныш пен береке орнасын. Еліміздің айбыны артып, көк туымыз әрдайым биікте