Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шымырлық пен шеберлік күні
25
март
2021
Шымырлық пен шеберлік күні
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, денсаулығын сақтауға қажетті күш қуатын молайту және дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2-7 сынып оқушыларының қыздарымен «Шымырлық пен шеберлік күні қ» тақырыбында оффлайнда би өнерінің қыр-сыры таныстырылды. Қыздардың қызығушылығы жоғары болып белсенділігі артты.
Ақпарат
25
март
2021
Ақпарат
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие беру бағыты бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында «Терезедегі бақ» тақырыбында онлайн тренинг өткізілді. Мақсаты: балаларға өсімдіктерді қалай баптау керектігін үйрету, өсімдіктер өмірін жақсы түсінуге, дамуына ықпал ету. Оқушылар онлайн тренингтен өсімдіктерді өз қолдарымен өсіру, оларға қамқорлық жасаудың алғашқы дағдыларын алды, әртүрлі өсімдіктердің өсу жағдайлары туралы білді.
Жетістіктер
21
март
2021
Жетістіктер
*№181 ЖББ мектеп оқушылары кинода* Біздің оқушылар өз бақтарын сынап, кино саласында дарыны мен қабілетін көрсетіп, кастингтен өтіп, басты рөлмен "Хочу к маме или Жаңа Жыл Жалпақсайда" фильмімен телеэкран беттерінен де жарық көрді. Бұл — біздің мектеп үшін үлкен мақтаныш!
Сынып сағаты
20
март
2021
Сынып сағаты
Бүгін 20.03.2021 күні 1-11 сынып оқушылары "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі", " Құқық бұзушылыққа жол жоқ", " Үшінші тоқсан қортындысы" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Демалыс уақытында құқықбұзушылықтың алдын алу. 2.ІІІ тоқсан оқу-үлгерім есебі. 3. Әртүрлі мәселелар.
Ақпарат
19
март
2021
Ақпарат
Алатау аудандық "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында /26 ЖББМ - те Халық ақыны, ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай мектеп оқушылар арасында аудандық кітапханашылардың ұйымдастыруымен "ZOOM" платформасы арқылы өткізілді.
Тәрбие сағат
19
март
2021
Тәрбие сағат
18.03.2021күні 181ЖББ мектепте 5-11сынып оқушылары үшін "Қош келдің Наурыз" атты тәрбие сағаттары өткізілді.Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Адалдық сағаты
18
март
2021
Адалдық сағаты
Мектебімізде 1-11 сынып оқушыларымен "Ардақтайық ардагерлерді" тақырыбында бірыңғай ашық сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.