27
сентябрь
2021
Кітапханаға кітап сыйла
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. "Кітапханаға кітап сыйла" акциясына мектеп оқушылары, ұстаздар, 7 "З" сыныптың ата - анасы Қасымова Айнұр Есбергенова өз үлесін қосып, мектеп кітапханасына көркем әдебиетті сыйға тартты. Сыйға берген кітаптары кітап сөресінен ерекше орын алып қана қоймай, оқырмандарға ерекше қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Сыйға берген әр кітабы өз оқырманын табады деген сенімдеміз.Мектеп әкімшілігі алғыс білдіріп, өткізілген акцияны жылдың соңына дейін жалғастыру жоспарланып отырғанын жеткіземіз.
