22
декабрь
2025
Жастар бастамасы – жарқын идеялардың бастауы!

Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен жаңа форматтағы «Bizdin show» бағдарламасы түсірілді. Бұл жоба – оқушылардың шығармашылығын, көшбасшылық қабілетін және заманауи ойлауын дамытуға бағытталған ерекше бастама болды.Бағдарламаның алғашқы қонағы ретінде мектебіміздің мақтанышы, көпшілікке «Юный повар» атымен танылған талантты оқушы-блогер, жас аспаз шақырылды. Өз ісіне деген сүйіспеншілігімен, еңбекқорлығымен және креативтілігімен ерекшеленетін қонағымыз аспаздық әлеміне қалай келгені, жетістікке жету жолындағы тәжірибесі мен қызықты оқиғаларымен бөлісті.Шығармашылық атмосферада өткен сұхбат барысында жас блогер армандарынан, болашақ жоспарларынан сыр шертіп, қатарластарына шабыт сыйлады. Оның әрбір айтқан ойы – табандылық пен өз-өзіне сенудің, талантты шыңдай білудің айқын үлгісі болды. Бағдарлама көрермендерге мотивация беріп, «әр оқушы – бірегей тұлға» екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.