Бүгінгі лагерь күні
Бүгінгі лагерь күні ерекше шығармашылыққа толы болды! “Балдырған” тобы бірлесе жұмыс жасап, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін дайындады. Балалар өз қиялын, ынтымақтастығын және ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсете білді. Көркем туындылар арқылы балалар халқымыздың бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысып, шығармашылық қабілеттерін дамытты.Бірлік пен өнер тоғысқан тамаша күн үшін барша қатысушыларға алғыс айтамыз!Топ жетекшісі: Муханбеталиева Толкын Бейсеновна