ҚЫЗЫҚТЫ ҚОҢЫРАУ
181-ші мектеп парламенті 5–9–10 сынып оқушылары үшін үзіліс уақытында қызықты ойындар ұйымдастырды.Бұл шараның басты мақсаты — оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу,мектеп ішіндегі бірлікті арттыру және жағымды көңіл-күй қалыптастыру болды. Мұндай іс-шаралар мектеп өмірін қызықты етіп қана қоймай,оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып,ортақ естеліктер қалыптастырады.Көңілді қоңырау сәттері барлығына жақсы әсер қалдырып,жылы естеліктерге айналды 🏫🎯