Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тастамашы мама киносы
13
февраль
2026
Тастамашы мама киносы
Бүгін 8–9–10 сынып оқушыларымен бірге ерекше әрі мағыналы күн өткіздік. Тастамашы ана фильмі бізге ананың мейірімі, баланың тағдыры және өмірдің шынайы бет-бейнесі туралы терең ой салды. Киноны көріп отырып, көпшілігіміздің көзімізге жас келді… Себебі бұл фильм әр адамның жүрегіне жол таба білді. Әр көрінісі, әр диалогы — шынайы өмірден алынғандай әсер қалдырды. Ең ерекше сәт — осы фильмнің басты кейіпкерлерімен, режиссері және сценаристерімен жүздесіп, естелікке суретке түскеніміз болды. Бұл
республикалық форум
12
февраль
2026
республикалық форум
Бүгін бізде жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық форум өтті! Әр парламент мүшесі өз фракциялары бойынша өз жобаларын қорғады. ✨
“Кітапханаға кітап сыйла!”
11
февраль
2026
“Кітапханаға кітап сыйла!”
Мектебіміздің 5 “Е” сыныбы “Кітапханаға кітап сыйла!” акциясына белсене ат салысты. Кітап сыйлау арқылы біз оқу мәдениетін дамытып, кітапхана қорын байыта отырып, білімге деген қызығушылықты арттыруды мақсат еттік. Бір кітап – бір әлем, ал сол әлемге апарар жол кітапханадан басталады. Челленджімізді 5 “А” сыныбына жолдаймыз.
«Сезіммен сырласайық.»
10
февраль
2026
«Сезіммен сырласайық.»
Бүгін мектебімізде қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай 4–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сезіммен сырласайық.» тақырыбында әдеби қойылым өтті. Қойылым барысында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, сахналық көріністер арқылы оның шығармашылығын көрерменге әсерлі жеткізді. Шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған жетекшісі – Сабыр Жансәуле Зәріпқызы. Бұл іс-шара оқушыларға рухани тәрбие беріп, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырды
“Кітапханаға кітап сыйла”
09
февраль
2026
“Кітапханаға кітап сыйла”
Кітап – адамның досы, ақылшысы. Ол өмірде кездесетін қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Кітап арқылы өткенді тануға, болашақты болжауға болады. “Кітапханаға кітап сыйла” челенджі аясында 5”Б”сынып оқушылары да керемет көңіл күймен өздерінің сүйікті кітаптарын сыйлады. #кітап #адалазамат