«Әр өлеңі – бір әлем»
«Әр өлеңі – бір әлем» №181 жалпы білім беретін мектепте 7–8 сынып оқушылары арасында қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған эссе байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, ұлы ақынның рухани мұрасын терең таныту, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқау барысында оқушылар Мұқағали поэзиясындағы адамгершілік, отансүйгіштік пен өмірге құштарлық сынды биік құндылықтарды өз ой-толғамдары арқылы