жасөспірімдер арасында футбол лигасы
Егемен елдің ертеңі – жігерлі жастар! Республика күніне орай мектебімізде жасөспірімдер арасында футбол лигасы ұйымдастырылды. Бұл жарыс – тек спорттық сайыс қана емес, бірлік пен достықты, төзімділік пен намысты дәріптеген мерекелік шара болды. Жас футболшылар жасыл алаңда өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген жігері мен командалық рухын дәлелдеді. Спорт арқылы отансүйгіштік пен салауатты өмір салты насихатталды.