27
сентябрь
2024
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз. Тіл - адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру. Міне, осы орайда №181 жалпы білім беретін мектепте 2024 жылғы қыркүйектің 19-жұлдызында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» айдарымен 5-сыныптар арасында өлең оқу сайысы өтті. Оқушылар отандық және шетелдік ақындардың өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре жатқа оқыды. Іс-шараның мақсаты: оқу мәнерін меңгеру, көңіл-күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқап-бағалау, балалардың өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттырып, дүниетанымын кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, ұлы ақындардың өлеңдерінен ғибрат алып, адами қасиеттерге тәрбиелеу, ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру.
5-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Албекова Ғалия Нұртайқызы ұйымдастырған өлең оқу мерекесі жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына септігін тигізді.