Welcome to the world of English» «Ағылшын әлеміне қош келдіңіз» » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2022

Welcome to the world of English» «Ағылшын әлеміне қош келдіңіз»

Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Осы бағдарлама бойынша №181 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігінің «Welcome to the world of English» «Ағылшын әлеміне қош келдіңіз» атты тақырыбында, 24.01.2022ж-02.02.2022ж аралығында өткізілетін онкүндіктің жұмысы басталды.
Онкүндіктің мақсаты:
1. Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау,олардың қабілеті мен тілін дамыту, ойлау және есте сақтау қабілет терін тексеру;
2. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ағылшын тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту;
3. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, өздігінен іздене білуге үйрету, өз ана тілі мен қатар ағылшын тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігіне сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: