"Менің жетістігім менің нәтижем" » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2023

"Менің жетістігім менің нәтижем"

"Менің жетістігім менің нәтижем" тақырыбындағы сынып сағаты 11В сыныбында өтілді. Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу. Яғни қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да - балалар, яғни бүгінгі ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы. Баланың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін шығармашылық бағытына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Сондай – ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дарындылықтарын дамытуға ықпал етуде.
Дарындылық - бұл адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс - әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі екенін оқушыларға жеткізу. Сынып жетекшісі: зерттеуші- педагог Абилбекова А. Ж.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: