“Wonderful Land of English” » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2023

“Wonderful Land of English”

Мектебімізде, ақпанның 13-24 жұлдызы аралығында “Wonderful Land of English” атты ағылшын тілі пәнінің онкүндігі аталып өтілді. Онкүндіктің ашылуы таңғы және түскі ауысым оқушылары үшін де салтанатты түрде жарияланды. Апталық аясында көптеген іс- шаралар: “Speaking club” (10-11сыныптар), “Scientific Project work” 10-сыныптар арасында мектепшілік ағылшын тілі бойынша жоба, “Quest” ойыны (7,8,9 сынныптар), “Smart Teens” 6-сыныптар арасында мектепшілік олимпиада, “Ақпараттық құрылғыларды жаңа технология бойынша сабаққа қолдану тәсілі” атты тренинг ( барлық ұстаздар мен жас мамандар), “Bright Stars” 9-сыныптарға арналған сайыс, ерекше, дарынды оқушылардың өнерін паш етуге арналған “Talent show” концерттік бағдарлама (6,7,8 сыныптар), “Freezing” атты ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған коучинг, “Primary School” бастауыш сыныптарға арналған ерекше концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Жоспарланған, түрлі, заманауи әдіс-тәсілдерге толы, мазмұнды, мақсаты айқын әрі ағылшын тілін оқытудағы қабілеттерді дамыту ескерілген, қызықты ашық сабақтар өткізілді.
Сонымен қатар, оқушылардың уақытын ұтымды әрі пайдалы өткізу мақсатында, он күн бойы екі ауысым кезіндегі үлкен үзілістерде әр түрлі ойындар, танымдық қысқа сайыстар, викториналар, қызықты ақпаратқа толы тапсырмалар ұйымдастырылды. Барлық оқушылар ерекше құлшыныспен өз ойларын, өз өнерлерін аянбай ортаға салды. Онкүндіктің жабылуы концертінде әр жеңімпаз қатысушы мадақтау грамоталарымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: