“Кванттық механика және авангардтық музыка” » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2023

“Кванттық механика және авангардтық музыка”

Алматы қаласы, Наурызбай ауданының Оқушылар Инновациялық Шығармашылық орталығында белгілі қазақ композиторы, пианист, өнертану ғылымдарының магистрі, халықаралық байқаулардың және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, П.И.Чайковский атындағы конкурс лауреаттары қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті кубогының иегері Рахат-Би Абдысагиннің “Кванттық механика және авангардтық музыка” атты дәріс-концерті өтті.
Рахат-Би Абдысагин оқушыларымызды ғылым мен классикалық заманауи музыканың арақатынасының кейбір қырларымен таныстырды, өз шығармаларынан, сондай-ақ В.А.Моцарт, Ф.Шопен, А.Скрябин және басқа классиктердің үздік шығармаларынан туынды орындады.
Оқушыларымыз үшін бұл кездесу олардың ғылым мен музыканың байланысы туралы түсініктерін айтарлықтай байытты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: