кездесу » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
май
2022

кездесу

Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында орталықтың өзіне келген қызметкерлер мен азаматтар үшін референдум және конституциялық реформалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға республикалық және қалалық штабтың мүшелері – «AMANAT» партиясының депутаттары Ж.Сүлейменова, Қ.Сәрсенбай, Әсия Ақанова және партияның Алматы штабының басшысы М.Отыншиев, аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Ж.Алдамбергенова, аудандық филиалдың Саяси кеңес мүшелері – аудан жастары Р.Нұрғалиев пен Н.Дауттар қатысып, еліміздің Ата заңына енгізілетін түзетулер туралы айтып берді.
Күн сайын халықпен өзара іс-қимыл жасайтын ХҚКО қызметкерлері осы жылғы 5 маусымға жоспарланған референдумның мақсаты мен мәнін түсіндіргені үшін алғысын білдіріп, кездесу барысында алынған ақпарат оларға мемлекеттік қызметтерді алу барысында келушілердің референдум бойынша қоятын сұрақтарына дұрыс жауап беруге көмектесетінін жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: