«Тіл-көңілдің кілті» » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2022

«Тіл-көңілдің кілті»

2022 жылғы 29 қыркүйекте №181 ЖББМ-нде «Қазақ тілінің онкүндігі» аясында 8-сыныптар арасында «Тіл-көңілдің кілті» атты мақал-мәтелдер сайысы болып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Есенязова Айна Қаржаубайқызы мен Кешуова Жәния Елемесқызы ұйымдастырған танымдық іс-шараға 8Г, 8Е, 8Ж, 8Г сыныптарының оқушылары белсене қатысып, қазақ халқының тіршілік танымынан түйіп түзілген мақал-мәтелдердің мағынасын ашу, түрлі тақырып бойынша мақалдарды жатқа айту, сканворд шешу сияқты сайыстар бойынша терең білімдерін көрсетті. Мектеп әкімшілігі тарапынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Сәкен Нұржанұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исатаева Ақерке Сағатқызы, мектеп кітапханасының меңгерушісі Аманқұлова Ботагөз Пашарқызы әділқазылар алқасы ретінде өз бағаларын беріп, жеңімпаздарды марапаттады.
​Жүлделі I орынды 8 «Г» сыныбынан «Жас қанат» тобы, II орынды 8 «Ж» сыныбынан «Бірлік» тобы, III орынды 8 «З» сыныбынан «Жас ұрпақ» тобы иеленді. 8 «Е» сыныбының «Шаңырақ» тобы аталған сайысқа қатысуда белсенділік танытқаны үшін арнайы номинацияға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Оқушыларымызға тәлім-тәрбие беретін іс-шараларымыз көп болсын, ана тіліміздің мерейі үстем болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: