Ақпарат » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2021

Ақпарат

«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,- деп әл – Фараби бабамыз айтқандай тәрбиені отбасында балаға терең түрде беру керек. Отбасында махаббат,тәлім-тәрбие көріп өскен баланың ішкі дүниесі өте бай, өмірге деген құштарлығы жоғары болып келеді. Қазіргі таңда көп ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлмейді. Ал шындығында, балаларға жас ерекшелігіне сәйкес тәлім-тәрбие берілуі қажет. Жоғарғы педагогикалық оқу орнында оқып жүргенімізде ұстаздарымыз «Жас ерекшелігі педагогикасы» пәнінде баланың өсіп,дамуына, жас ерекшелігіне қарай берілетін тәрбие әдіс- тәсілін үйреткен болатын. Көп жылдық педагогикалық тәжірибемде осы ұстаздардың тәлімін үнемі есіме алып отырамын. Осы сөздердің айғағы ретінде жоғары сынып оқушысы мен ата- ана арасындағы қарым-қатынас баланың жан дүниесіне үлкен әсер етіп,анасына деген көзқарасы өзгеріп, жалпы үлкендерге деген сенімінің жойылып бара жатқанына куә болдық. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Нұржанұлы Сәкен мен Исатаева Ақерке Сағатқызы, мектеп психологі Бапанова Райгүл, мектеп инспекторы Нусупбаев Еркін, Алатау АПБ ЮПБ бастығы полиция капитаны Дарикулов Исатай Махамбетұлы, Алатау АПБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры Қызжанова Алтын Төлегенқызы,Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы Назым Айдарқызы екі аптадан астам сұхбаттасу және талдау жүргізу нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты. Осы орайда Алатау ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының осындай қиын жағдайға қалып отырған балалардың мәселесін мектеппен бірге шешудегі орасан зор қызметін ерекше атап өткім келеді.
Бала-біздің болашағымыз.Әрбір жас қоғам мүшесін тәрбиелеу барлығымыздың міндетіміз.
Қазақ халқының ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин айтқандай-«Шын бақыт ата-ананың махаббаты мен балалардың таза жүрегінде»
Құрметті ата-аналар,қандай қиын жағдай болмасын баланың көңіл-күйіне,қызығушылығына көңіл бөліп, өз махабаттарыңызды аямаңыздар!

Қ.Р білім беру ісінің құрметті қызметкері,
тарих ғылымдарының кандидаты
Ж.И. Сатаева

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: