01
октябрь
2021
Ұстаздар күні құттықтау
"Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі"-деп, Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік, шәкірттеріңіз биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.