Алматы-Ренн қалалары бауырластығының 30 жылдығы » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сентябрь
2021

Алматы-Ренн қалалары бауырластығының 30 жылдығы

Қ.Р тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 23.09.2021 жылы Алматы қаласында орналасқан "Алматы" музейінде "Алматы және Ренн қалалары бауырластығының 30 жылдығына арналған фотосурет" көрмесінің ашылу салтанаты болып, ерекше аталып өтті.
Көрменің басты қонағы ретінде Францияның Ренн қаласынан бастау алып, әлемнің 15 елін басып өтіп, еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласымен аяқтаған велосаяхатшы Лоран Маэ келді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған көрмеден қос шаһар арасындағы бауырластықтың жалғасын тауып жатқандығы көрініс тапты.
Осы іс-шараны ұйымдастырушы мектебіміздің директоры, ҚР-ның білім беру ісінің құрметті қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Сатаева Жеңіскүл Иманғалиқызы бауырлас қалалардың достығының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, тарихқа шолу жасады. "Ата-мекеніміз Қазақстанымыз көркейіп, Ренн мен Алматы арасындағы достық нығайып, өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастау алған студенттік байланыспен қатар мектептер арасындағы қарым-қатынас өркендей берсін" деп тілек білдірді.Көрмеге Алматы қаласы мәдениет басқармасы, Алматы мұражайлары өкілдері және қоғам қайраткерлері, Алматы-Ренн комитеті мүшелері қатысты.









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

16 сентябрь 2021 Алматы - арман қала
15 сентябрь 2021 Ақпарат
01 сентябрь 2019 алғашқы қоңырау
13 февраль 2019 Хабарландыру!!!