«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз. Тіл - адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру. Міне, осы