Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістіктеріміз
17
октябрь
2022
Жетістіктеріміз
Мектебіміздің 2”И” сынып оқушысы Мыңжасар Диас Алматы қаласы бойынша 27 кг салмақта каратэден жүлделі 3- орынды иеленді.
Алғыс хат
03
октябрь
2022
Алғыс хат
Бүгін мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбары Исатаева Ақерке Сағатқызы құқық қорғау қызметіне ат салысып, жас полиция көмекшілерінің Отанға деген патриоттық сезімдерін оятуға дұрыс бағытта тәрбие бергені үшін,Алатау ауданы ПБ бастығы І.Өмірсеріковтың алғыс хатымен марапатталды.
"ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ"
21
сентябрь
2022
"ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ"
"Руханы жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру барысында, балалар жылы аясында А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған қалалық жалпы білім беретін мекемелерiнiң оқушылары арасында өткен "ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ" атты танымдық - интеллектуалдық ойынының Аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орын алған мектебіміздің 8,9,10- сынып оқушыларын жеңісімен құттықтаймыз! Оқушымыздың алда алар асулары, бағындырар белестері көп болсын! Байқауға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
"Ұлағатты ұрпақ"
20
сентябрь
2022
"Ұлағатты ұрпақ"
Мектебіміздің 6"Д" сыныбының үздік оқушысы Джолдасов Сырым Кенжебайұлы Республикалық "Ұлағатты ұрпақ" энциклопедиялық жинаққа енді. "Күш атасы-білімде" екенін таныған саналы жас өз жетістігін туған халқына, үміт артқан ата-анасына арнағысы келеді. "Бала тәрбиесі-ұлт болашағы" демекші, сынып жетекшісі Нюсипбаева Назым Касымджанқызы да барлық оқушысына мейіріммен қарап, бар білгенін үйретуден жалықпайтын, қамқор жан!
“Мерейлі отбасы - 2022”
12
сентябрь
2022
“Мерейлі отбасы - 2022”
Мектебіміздің 3 “Қ” сынып оқушысы Ержан Жасмин Елдарқызы отбасысымен бірге “Мерейлі отбасы - 2022” ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, өнегелі отбасылық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбеков мырза Отарбаевтар отбасын алғыс хатпен марапаттады.
XIX жазғы гимназиада жеңімпазы
02
июнь
2022
XIX жазғы гимназиада жеңімпазы
Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамуытуға қосқан үлесі және дүниежүзілік XIX жазғы гимназиада жеңімпазын дайындағаны үшін дене шынықтыру мұғалімі МАТАНОВ МАҒЖАН ҚАЙРАТҰЛЫ Қазақстан Республикасы премьер-министрі орынбасары Е.Тоғжанов мырзаның алғыс грамотасымен марапатталды.
Жетістік
02
июнь
2022
Жетістік
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінде бұқаралық спорттың дамуы мен дүниежүзілік XIX жазғы гимназиадада жеңімпазды тәрбиелеуде қосқан үлесі үшін дене шынықтыру мұғалімі МАТАНОВ МАҒЖАН ҚАЙРАТҰЛЫ Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов мырзаның алғыс грамотасымен марапатталды.
"Жұлдызды сәт"
24
май
2022
"Жұлдызды сәт"
"Алматы БАЛАFEST” балалар фестивалі аясында аудандық байқауына мектебімізді 8 "Д" сынып оқушысы Нұрлан Ақбаян вокал жанры бойынша жүлделі І орынға ие болып, қалалық байқауға жолдама алды. Жетекшісі: Есенжол Ұлдана Есенжолқызы Биік белестерді бағындыруыңа тілектеспіз! Тек алға!
"Театр өнері арқылы оқуға "
21
май
2022
"Театр өнері арқылы оқуға "
Халықаралық балаларды корғау күні қарсаңында Алматы қаласында өткен "Алматы Бала FEST"фестивалінің аудандық кезеңінде "Театр өнері арқылы оқуға "номинациясы бойынша 181 ЖББ мектептің 9 “б”сынып оқушысы Сабит Айдана І дәрежелі дипломмен марапаталды. Жетекшісі: Килибаева Куралай Жунисовна @kopd_mon_rk