Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ”
27
апрель
2022
“ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ”
Нұр-Сұлтан қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген “ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ” атты республикалық байқауда 9 ”Ж”сынып оқушысы Меллат Ерасыл жүлделі lll орынды иеленді.Жетекшісі Боденбаева Камшат. @akmurzaevakarlygash @alatau_bilim_bolimi @zhuzelubir @zheniskulss
“Жаңа Қазақстан-балалар көзімен”
25
апрель
2022
“Жаңа Қазақстан-балалар көзімен”
“Жаңа Қазақстан-балалар көзімен” атты балалар суретінің Алатау аудандық байқауында 12-15 жас аралығында III орынмен 9”в”сынып оқушысы Айтжанова Асел марапатталды @alatau_bilim_bolimi @zhuzelubir
қалалық олимпиада ағылшын тілі
23
апрель
2022
қалалық олимпиада ағылшын тілі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиаданың ағылшын тілі пәнінен 3- орын жүлдегері Барахан Нұрайды құттықтаймыз! Білімің шыңдала берсін демекпіз! Мұғалімі: педагог- зерттеуші Абилбекова А.Ж.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап оқиық"
23
апрель
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап оқиық"
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап оқиық" тақырыбында 3 сыныптар арасында өткен байқауда 181 ЖББ 3 "И" оқушысы Сәкен Мадина 2 орын алғаны үшін марапатталады. Жетекшісі: Бупежанова Жазира Адиловна
«Ғылымның ғажап үш тірегі»
22
апрель
2022
«Ғылымның ғажап үш тірегі»
«Ғылымның ғажап үш тірегі» атты математика, информатика, физика пәндер бірлестігінің онкүндігінің жабылу салтанаты болып өтті. Кеште сөз алған мектеп директоры Сатаева Женикуль Имангалиевна онкүндік барысында үздік ашық сабақтар, үздік сыныптан тыс іс-шаралар, аудандық семинарды жоғары деңгейде өткізген мұғалімдерді құрмет грамоталарымен марапаттады. Онкүндікті барлық мектеп ұжымы жоғары бағалады. Барша марапатталған ұстаздарымызды құттықтаймыз!!!
«МИФ-МАСКА»
22
апрель
2022
«МИФ-МАСКА»
«Ғылымның ғажап үш тірегі» атты математика, информатика, физика пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында «МИФ-МАСКА» сайысы өткізілді. Пән мұғалімдері әр түрлі жануарлардың кейпіндегі масканы киіп өлең айтып оқушылар мен мұғалімдердің көңілдерін көтерді.
«МИФ-БИНГО»
20
апрель
2022
«МИФ-БИНГО»
Мектебімізде «Ғылымның үш тірегі» атты математика, физика, информатика пәндер бірлестігінің онкүндігі барысында «МИФ-БИНГО» ойыны ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты басқа пән мұғалімдеріне онкүндіктің өтіп жатқандығын насихатттау. «МИФ-БИНГО» ойынында кез келген мұғалімге бинго коржынынан номер беріледі және сұрақ қойылады. Сұраққа дұрыс жауап берген мұғалімге сыйлық беріледі.
дарынды балаларды аңықтау
19
апрель
2022
дарынды балаларды аңықтау
9.04.2022 күні мектебімізде дарынды балаларды аңықтауға, оларды келерде ғылыми жобаларға дайындау мақсатында психологиялық-интеллектуалдық сауалнама-тестілеу өткізілді. -Тестілеудің мақсаты: Оқушылар ішінен дарынды, ғылымға жақын, алғыр шәкірттерді саралап, айқындап, олардың келешекте айналысатын бағыт-бағдарын аңықтау. -Жалпы тестілеуден 85 оқушы өтті. Келесі кезекте саралау жұмыстары өткізіліп, келесі кезеңде ғылыми-танымдық тақырыптарда эссе байқауы өькізіледі.