Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Қазақ қоғамының қайраткері”
26
декабрь
2022
“Қазақ қоғамының қайраткері”
Егемен еліміздің дамуына сіңірген адал еңбегі үшін “Қазақ қоғамының қайраткері” ұйымының арнайы комиссия шешімімен мектебіміздің мақтанышы дене шынықтыру пәні мұғалімі “Айша-Бибі” би ансамбілінің жетекшісі Иманбаева Жанар Елемесовна “ Қоғам қайраткері” төсбелгісімен марапатталды. Толағай табыстар тілейміз💐
“Зерде” ғылыми жобалар
23
декабрь
2022
“Зерде” ғылыми жобалар
Кеше, 22.12.2022 жылы осындай ерекше күнде аяулы мектебіміздің “Зерде” ғылыми жобалар сайысына белсене қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында оқушылар үздік жобаларын қысқаша таныстырып, ұтымды жерлерін көрсете кетті. Мектеп директоры Жеңіскүл Иманғалиевна мен директордың ҒІЖО Ернар Шәуенұлы өз сөздерінде балаларды жаңа белестерге жетуге мотивация беріп, 37 оқушыны марапаттады. Сонымен қатар жетекшілік еткен ұстаздарға да алғыс сөздерін айта кетті.
"Баланың бас ұстазы ата-ана"
22
декабрь
2022
"Баланың бас ұстазы ата-ана"
2 "Ж" сынып жетекшісі: Садырбаева Қымбат Ибраимовна "Баланың бас ұстазы ата-ана" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: Мектеп, ата-ана,ұстаз болып бірігіп,сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
"Диагональ" шахмат клубы
21
декабрь
2022
"Диагональ" шахмат клубы
Алматы қаласы бойынша ұйымдастырылған "Диагональ" шахмат клубына мектебіміздің 2 "Ж" сынып оқушысы Айбекқызы Ақмарал жарыста ІІ орынмен марапатталып, 10000 теңге ақшалай сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталды. Болашақта Қазақстанның мықты шахматшы қызы болады деп сенеміз👏👏👏 Сынып жетекшісі: Садырбаева Қымбат Ибраимовна.
"Тәуелсіздік таңы мәңгілік"
20
декабрь
2022
"Тәуелсіздік таңы мәңгілік"
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік таңы мәңгілік" атты кешіміз өтті. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты азат, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
"Kazakh style"
19
декабрь
2022
"Kazakh style"
біздің мектепте қазақша нақыштағы "Kazakh style" апталығы басталды, кіші сыныптардан бастап құрметті ұстаздарымызға дейін қазақша нақыштағы киім кешек және әшекей бұйымдар киіп келді
" Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
15
декабрь
2022
" Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
№181 ЖББ мектепте 16 Желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Біріңғай " Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына 5 - сынып оқушыларын қабылдау рәсімі болып өтті. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік,отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
жайдарман ойындары
14
декабрь
2022
жайдарман ойындары
Мектебімізде 7-8 сыныптар арасында жайдарман өткізілді.Оқушылар өз өнерін көрсетіп,әзіл-сықақтың бірқатар жанрында 4 топ сайысқа түсті. ●Бас жүлде - Барахолка ●1-ші орын Тұмар ●2-ші орын Масквич ●3- ші орын Жигули
"Мәңгілік жансын бағың, тәуелсіз Қазақстан"
13
декабрь
2022
"Мәңгілік жансын бағың, тәуелсіз Қазақстан"
13.12.22ж. №181 ЖББМ-тің 2 "Г" сынып оқушылармен ""Мәңгілік жансын бағың, тәуелсіз Қазақстан" атты кітап көрмесімен таныстырылды. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту мақсатында Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ