Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Ұлттық мектеп лигасы”
24
сентябрь
2024
“Ұлттық мектеп лигасы”
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалы білім беретін мектепте “Ұлттық мектеп лигасы” аясында футболадан 5 сынып ұлдар мен қыздар арасында аймақтық жарыс өтті. Жарысқа 5 мектеп қатысты. Ұлдар арасында мектебіміздің оқушылары 1 орын алып ауданға жолдама алды. Қыздар арасында 2 орынға ие болды. Оқушылар керемет ойын көрсетті. Ұйымдастырушы: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Есенбек Ербұлан. Бас төреші: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Алтыбаев Досхан. @alatau_bilim_bolimi #ұлттықмектеплигасы
Түсіндірме жұмыстар
24
сентябрь
2024
Түсіндірме жұмыстар
Мектебімізге Абай атындағы ҚҰПУ аға оқытушысы, дін танушы Мамырбаев Дидар Жетпісұлы келіп, оқушыларға түсіндірме жұмыстар жүргізді.
“Көшпенділер сайысы”
23
сентябрь
2024
“Көшпенділер сайысы”
Алматы қаласы, Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру пәні апталығы аясында 9 сыныптар аралығында “Көшпенділер сайысы” өтті. @alatau_bilim_bolimi
“PALUAN STARS”
20
сентябрь
2024
“PALUAN STARS”
Еркін күрестен жас өспірімдер арасындағы “PALUAN STARS”маусым аралық жүлдесіне арналған республикалық ашық турнирде жүлделі орын алған мектебіміздің балуандары Əділхан Жантөре 6”Б”🥇 Жарылқасын Ақылжан 6”Ғ”🥈 Əділ Əли 3”Ə”🥈 Əділхан Айсұлтан 2”Е”🥉 Үсенбек Ерсұлтан 2”Ж”🥉 Жалпы командалық есепте балуандарымыз 3 орынды 🏆 иеленді.
“Біздің мектеп буллингке қарсы”
20
сентябрь
2024
“Біздің мектеп буллингке қарсы”
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепте 100-ден астам оқушының қатысуымен “Біздің мектеп буллингке қарсы” атты флешмоб өткізілді, #біздіңмектепбуллингкеқарсы #біртұтас_тәрбие @alatau_bilim_bolimi
«Келешекке кемел біліммен!»
19
сентябрь
2024
«Келешекке кемел біліммен!»
2024 жылдың қыркүйек айының 24- күні Қазақ Америка университеті өкілдерінің 11-сынып оқушыларымен ЖОО түсуі жайлы ақпараттар мен мәліметтерді таныстыру және кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті. «Келешекке кемел біліммен!»тақырыбындағы кездесуде университет өкілдері өз мақсаттары мен бағыттары туралы толық ақпарат берді. Университет миссиясы : Ғылыми зерттеулер ,оқу озаттары және жастардың дамуына жағдай жасау арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық,зияткерлік дамуына үлес қосу. «Атамекен»
Сенім бұрышы
19
сентябрь
2024
Сенім бұрышы
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепте ДТІЖО Сәкен Нұржанұлы мен мектеп психологы Бапанова Р. 5-11 сынып оқушыларына сенім бұрышы туралы түсіндірме жұмыстар жүргізді. Оқушыларға сенім бұрышымен қалай жұмыс істеу керек екені айтылды.
“Толағай, спорт денсаулық кепілі”
17
сентябрь
2024
“Толағай, спорт денсаулық кепілі”
17 қыркүйек күні дене шынықтыру апталығы аясында, “Толағай, спорт денсаулық кепілі” атты отбасылық сайыс өтті. Жарысқа бастауыш сынып оқушылары ата- аналарымен бірге қатысты. Ұйымдастырушы: Дене шынықтыру пәні мұғалімдері @alatau_bilim_bolimi
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері.
17
сентябрь
2024
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері.
Ботакараев Бауыржан Куанышбаевич Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі. Тақырыбы: Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері.
“Дені сау ұрпақ - ел болашағы”
16
сентябрь
2024
“Дені сау ұрпақ - ел болашағы”
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепте 16.09-20.09.2024ж аралығында өтетін “Дені сау ұрпақ - ел болашағы” атты дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің 10 күндік апталығының ашылу салтанаты.